Саламатты Қазақстан

Соңғы алты жылда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру төрт еседен астам ұлғайды, халықтың тұрмысы төмен топтарына жеңілдікті дәрі-дәрмек алуға қолжетімділік ашылды, әрбір адам дәрігер мен емхананы еркін таңдай алады, “Денсаулық” екі медициналық пойызы шалғай өңірлердегі адамдарға медициналық көмек көрсетуге көмектеседі.

“Саламатты Қазақстан” бағдарламасы 2015 жылға қарай саланы тиімді етеді, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің табысын нығайтады, сапалы медициналық қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Нысаналы индикаторлар:

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2013 жылға қарай 69,5 жасқа дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғайту
Ана өлім-жітімін 2013 жылға қарай 28,1 адамға дейін, 100 мың тірі туылғанға дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендету
Нәрестелер өлім-жітімін 2013 жылға қарай 1000 тірі туылғандарға шаққанда 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендету
Жалпы өлім – жітімді 2013 жылға қарай 1000 тұрғынға шаққанда 8,14 адамға дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін азайту
Туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі: 100 мың тұрғынға шаққанда 2013 жылы – 98,1, 2015 жылы – 94,7
15-49 жас тобында АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде бақылау (1,1 орташа әлемдік көрсеткіш кезінде)
Саламатты Қазақстан