Эндокринология бөлімшесі

1998 жылы денсаулық сақтау саласындағы қайта ұйымдастыру және төсек қорын үйлестіруге байланысты эндокринология бөлімшесі жабылды.

2000 жылы республикалық «Диабет» бағдарламасына сай эндокринология 50 төсектік бөлімше болып қайта ашылды.(30 эндокринология және 20 гематология).

2001 жылы эндокринология бөлімшесінде республикалық «Диабет» бағдарламасына сай ДИАЦ –Диабеттік Ақпараттық Аналитикалық Орталық жұмыс жасады.

Эндокринология бөлімшесінің базасында 2001 жылдың қаңтарнан бастап ДААО жұмыс жасайды. Ол осы эндокринология бөлімшесінің функциональдық бөлімі болып саналады. Орталықтың негізгі қызметі қант диабетінің бекітілген аймақтағы нақты дерегін жинақтап оның өсуі мен даму жиынтығын жасау және  ұлттық көрсеткішін тұрақты сараптап отыру. Облыста алдымен эндокринологиялық қызметті ұйымдастырушы ретінде облыстық аурухананың өзі ұйымдастырғанын басты назарда алып, оның жаңа атауымен ИС НРСД деп облыстық ауруханада орналастырды.

2015 жылдың шілде айынан бастап «Қант Диабетінің Ұлттық регистрі»  (ИС НРСД) Порталдық жүйеге көшірілді.

ДААО «Қант Диабеті» Ұлттық регистрі Атырау облысы бойынша Ақпараттық жүйеде тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз етіп келеді. ИС НРСД барлық қалалық және аудандық емханалардағы эндокринологтара қолдау көрсетіп, ИС НРСД ға есеп берудің электрондық жүйесіне көмектесіп, ИС НРСД қадагалап және талдау жасап отырады.

2016 жылдың қорытындысымен Атырау облыстық ауруханасының эндокринология бөлімшесі ең үздік бөлімше атанды.


Эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі Бермагамбетова Айша Амангельдиевна – жоғары санатты эндокринолог дәрігер.

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың қараша айынан бастап бөлімшеде жас эндокринолог И.К. Рахматуллаева жұмыс жасайды.