Гематология бөлімшесі

Ахмедова Лариса Асқарқызы

Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты  гематолог дәрігер Ахмедова Лариса Асқарқызы.

1990 жылы қан түзу жүйесінің аурулары өсуіне байланысты, облыстық аурухананың базасында алғаш рет 25 орындық гематология бөлімшесі ашылды. Бөлімшені Қазақ ССР-ның денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты гематолог дәрігер Филиппова Валентина Александровна басқарды.

Қазіргі таңда гематология  бөлімшесі Атырау облыстық ауруханасында 20 орынмен қызмет етеді.

Қазіргі кезде аурухананың  гематология бөлімшесінде хаттамалармен жедел және созылмалы гемобластоздарды, лимфомаларды, миелома ауруын анықтау және емдеу, күрделі  анемияларды, қан ұю жүйесінің ауруларын  анықтау және емдеу жүргізіледі. Гемофилия  ауруында VII, VIII фактор препараттарын пайдаланамыз. Жедел және созылмалы лейкозды емдеуде жаңа цитостатикалық препараттармен, тирозинкиназаның I-II буынды таргетті препараттарымен, қан ұю факторлары препараттарымен жұмыс жасалады.

Бөлімшеде сүйек миын цитологиялық, цитохимиялық зерттеу жүзеге асырылады.

Облыстық кеңес беру орталығында гематолог дәрігер қабылдауы жүргізіледі.

Облыстық аурухана жанында гематологиялық науқастарды бақылау мен амбулаторлы емдеу іске асырылады.

Сүйек миы ауыстырылған науқастарды стационарлы және амбулаторлы бақылап, иммуносупрессивті емді коррекциялау жүргізіледі.

 

Құлымбетова Жанар Маратқызы

Бөлімшеде екінші санатты гематолог дәрігер Құлымбетова Жанар Маратқызы еңбек етеді.