Нейрохирургия бөлімшесіне науқастар түрлі деңгейдегі жарақаттармен түседі. Жақында бөлімшеге жабық омыртқа жұлын жарақаты, L4 омыртқаның жарқыншақталған сынуы,омыртқа каналы қысылған науқас жеткізілді. Пациентке төменгі терең парапарез, зәр жүрмеуі диагнозы қойылды. Науқасқа шүғыл ота жасау қажет екені түсіндіріліп, өз келісімімен ота жасалды. Білікті нейрохирург Еркін Ербөлеков жасаған ота сәтті өтіп, пациентке отадан кейін кешенді ем жүргізілді. Емдеу нәтижесінде аяқтарындағы қозғалыс едәуір жақсарды,зәр шығару қызметі қалыпты деңгейге жетті. Науқас ауруханадан өз аяғымен,оң нәтижелі болып үйіне шықты.