Реанимация бөлімшесі

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына байланысты қай салада да инновациялық технология енгізілуде, бұл – заман талабы. Реанимация қызмет құрылымы бұл реформаға да өз үлесін қосып келеді. Наркозға қолданатын құрылғылар жеңіл ингаляция түрінде қолдану, нерв талшықтарын нейростимулятор арқылы анестетик енгізу жолымен блокада жасау, үздіксіз мониторлық артериялық бақылау (артериялайн), инвазивті басішілік қысымды (ВЧД) өлшеу, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) арқылы күретамырға катетер қою, гемоультрафильтрация арқылы қан тазарту тәсілдері арқылы пайдаланылады.

Қазір бөлімшеде жиырма жылдан астам абыройлы еңбек етіп жүрген үздік мамандар  Айжан Битемірова, Алмас Жардемов, Ринат Игизбаев, Жайна Байкадамова, Рашиден Әбдіғали, Самат Каналиев, Дюсенғали Жумабеков сынды дәрігерлер халық саулығын қорғау жолында аянбай тер төгіп келеді. Еңбектері лайықты бағаланған Б.Ғапуров, А.Битеміровалар – «Денсаулық сақтау үздігі» медалінің иегерлері. жалғастырып, болашаққа нық сеніммен қарайды.

Атырау реанимациясы тарихында елеулі өзгерістердің бірі – Солтүстік Каспий мұнай консорциумы жобасы аясында 2011-2017 ж.ж. шетелдік мамандардың бірлесіп қызмет етуі. Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің аға кеңесшісі, анестезиология және реаниматология саласының  заманауи техникасын жетік меңгерген маман Кен Алагесан және Осло (Норвегия) қаласындағы медициналық университетте мамандар дайындауда мол тәжірибесі бар медицина ғылымдарының докторы А.Л.Мельников облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде еуропалық стандартқа сәйкес жұмыс жүргізуді енгізді.

Қазір бөлімшеде жиырма жылдан астам абыройлы, жаңа қарқынмен,заманауи әдіспен еңбек етіп жүрген үздік мамандар,шын мәнінде өліммен өмірдің арпалысқан жерінде, физикалық психо эмоционалдық жүктемелерге төтеп беріп келе жатқан жастар.


Реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Игизбаев Ринат Мендибаевич жоғары санатты реаниматолог-анезтизиолог дәрігер.2007 жылдан бастап ауруханада қызмет атқарады.
2017 жылдан бастап бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.Бөлімшеде 12 дәрігер,25 мейірбике,8 кіші буын қызметкерлері бар.

Аға мейірбике Аққалиева Айнур Талғатбекқызы 2005 жылдан бастап жан-сақтау бөлімінде жұмыс жасайды.Жоғары білімді,жоғары санатты мейірбике.