Аурухана қызметі науқастарды қабылдау бөлімінен басталады. Қабылдау бөлімі 24 сағат, яғни тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды . Жекелеу бөлмесінде ауруханаға дейінгі жәрдем жасалады.
Қандай науқас болмасын алдымен қабылдау бөлімшесіне келеді. Жедел жәрдем, Емхана поликлиникасынан жолдамамен келетіндер, аудандардан келетіндер қабылдау бөлімшесінен өтеді. Жоспарлы науқастар портал арқылы, шұғыл келетіндер де осында алдымен тіркеу қағазын толтырады.
Науқас тіркелген соң ауру түріне орай маман дәрігер қарап, анализ жасалады. Осыдан соң кеңес беріліп, емделуі үшін ауруханаға немесе емханаға жіберіледі. Қабылдау бөлімшесінің құзырында ординаторлар бөлмесі, екі Рентген, УЗИ, Шұғыл зертхана, гинекология, хирургия, Шоковая, травматология кабинеттері бар. Оттегі терапиясы, электрокардиограмма, реанимацияға қатысты құрал- жабдықтармен толық қамтылған. Процедуралық, алғашқы жәрдем көрсету мен динамикалық бақылау жасау, екпе, постовой, тіркеу кабинеттері, күту залы, терапия бөлмесі жәрдем көрсетуге, қызметке әрқашан да дайын.
Ұзақ жылдар бойы науқастар қабылдап, мейірімді қызметімен қадірлі болған жоғары санатты, кезекші мейірбикелер: Ахметова Қалығыз, Дюсупова Гүлнар, Ботпанова Сәния, ем-дом кабинетінің мейірбикесі Оразғалиева Ақжарқын алғысқа лайықты қызметкерлер.
Осындағы зақым-жарақат пунктінің меңгерушісі, дәрігер-травматолог Асхат Нәбиевич Бисенғалиевтің еңбегін де айта кеткен жөн. Күн сайын дерлік әр түрлі жағдайлармен науқастар бөлімшеге жеткізіледі. Оларды тез арада қарап, жедел көмек көрсетуде Асхат Нәбиевич дәрігерлік парызын беделді атқарып жүрген дәрігер- мамандардың бірі.
Кезекші мейірбикелер: Әлиева Майра, Алтыналиева Жұлдыз, Берғалиева Дәмелі, Дүйсекешова Сәбира, тазалықшы Дүрмішева Айнагүл өз қызметтеріне аса жауапты қарайды.
Сондай-ақ тазалықшылар: Миралиева Маржан, Сырымова Шынар, қожабике Қазиханова Майраның есімдерін атап кеткен жөн. Осы қабылдау бөлімшесіндегі қызметтің ыстық- суығына шыдаған, 40 жыл бойы мейірбике мамандығын ықыласпен атқарып, зейнетке шыққан Мырзашева Жамалды (марқұм 1957-2017) да еске алған дұрыс. Қабылдау бөлімшесі ұжымы алда кезде де өз қызметін мүлтіксіз атқара бермек.