Бекенова Жанаргул Сапаргалиқызы- Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер гинеколог.
Жанаргул Сапаргалиқызы Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан медицина академиясын бітірген. Сол уақыттан бастап Атырау облыстық ауруханасының хирургия бөліміне хирург мамандығы бойынша 2006 жылға дейін еңбек етті. 2006 жылы акушер гинеколог мамандығы бойынша керімамандандырылып , гинекология бөлімшесіне дәрігер гинеколог болып ауыстырылды. Жанаргул Сапаргалиқызы өз жұмысына адал білікті мамандардың бірі. Қазіргі таңда аурухананың «Үздік дәрігерінің» қатарында. Осы уақыт аралығында әйелдердің репродуктивті жүйесінің әртүрлі патологиясына жүкті,босанудан кейінгі барлық жедел және жоспарлы күрделі оталарды жасап науқастарының алғысына бөленіп жүрген тұлға болып табылады. Өз жұмысына деген сүйіспеншілігі әрқашан жоғары деңгейдегі маман және қоғамдық жұмыстарғада белсене ат салысады. Әрқашан өз біліктілігін арттыру мақсатында жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.