ЖАТЫР МИОМАСЫНА ЖАСАЛЫНҒАН ОТА.

Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түрі. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады.

Әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты.

Бұл құбылыстың септері әлі толық анықталмаған, алайда, ісіктің гормондарға тәуелді екені анықталды.

Эстроген гормондары миоманың пайда болуына жағдай жасайды. Ал прогрестерон гормоны, керисінше, осы ісіктің дамуын тоқтатып, оның тіпті, кішірейіп, қайта сорылып кетуіне ықпал этеді.

Атырау облыстық ауруханасының гинеколог дәрігерлері «жатырдың алып миомасына» ота жасады. Ота сәтті өтті. Дәрігерлердің айтуынша 53 жасар науқас қабылдау бөлімшесіне келгенде іштің ауырсынуына,жүрек айнуына,құсуға,әлсіздікке, бас айналуға және жыныс жолдарынан қан кетуіне шағымданған.

Бұл аурудың белгілері бірнеше жылдар бойы белгі берген. Дәрігерлердің толық тексеру нәтижесінде науқасқа «Жатырдың алып миомасы. Түйін некрозыорташа Анемия» диагнозы қойылды.

Науқас қазіргі уақытта гинекология бөлімшесінде қарқынды ем алуда. Дәрігерлердің жіті қадағалауында.