Атырау Обылыстық ауруханасында Ақжол партиясының депутатымен кездесу өтті

ШЖҚ КМК « Атырау облыстық ауруханасына » « Ақ жол» демократиялық партиясының депутаты Ерубаев Серік Сәрсенұлы келіп ауруханамыздың дәрігерлерімен кездесті.Серік Сәрсенұлы дәрігерлерімізге елімізде болған ахаулды айта отыра ең алғаш дәрігерлерге алғыс білдірді,сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің көмегімен еліміздің басына туған қиын қыстау уақытты жеңе алдық, қазіргі уақытта тек еліміздің тыныштығын ғана тілейміз деді. Дәрігерлермен кездесуде депутат дәрігерлермізге сұрақтары болса ортаға салып қазіргі уақытта сапалы жұмыс атқару үшін қандай көмектер қажет екенін алға тартты және де жиында дәрігерлердің біліктілік санаттарын беру жөнінде сөз қозғады. Дәрігерлеріміз бірқатар сұрақтар қойып ұсыныстар пікерлер тастады.Депутат тарапынан бұл ұсыныстар мен пікірлер міндетті түрде қарастырылатыны жөнінде уәде етті.