Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен “Атырау облыстық аурухана” ұжымы бүгін аурухана ауласын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік шарасына белсене араласты.
Аурухананың кіре беріс аймағын, айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары яғни аурухана басшынан бастау алып дәрігерлеріміз медбикелеріміз кіші буын қызметкерлері администрация қызметкерлері қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Барша қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз.
– [ ]