12 Мамыр халықаралық мейірбикелер күні

Бүгін жаны ізгілікке толы мамандық иелерінің мерекесі!Бүгін Халықаралық мейірбикелер күні!

Атырау облыстық ауруханасының ұжымы барша мейірбикелерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Халық алғысына бөленіп, адам өмірінің арашасы бола берулеріңізге тілектеспіз!