16 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы және Атырау облыстық мәслихат хатшысы Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы облыстық аурухананы аралап, ұжыммен кездесу өткізді. Республика бойынша болып жатқан өзгерістер туралы ақпарат берді. Кездесуде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге және жаңа жылдан бастап қолданысқа енгізілген Заңның басым бағыттарына баса назар аударды
Медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерге, цифрландыруды енгізуге, ақпараттық жүйелердің жай-күйіне және халықты медициналық көмекпен қамтамасыз етудегі жұмыстарына, аурухана дәрігерлерінің жаңа медициналық технологияларды енгізіп, күрделі хирургиялық оталарды қолданып жасап жатқан жұмыстарына оң баға берді.