Клиникалық-диагностикалық зертхана

Айгуль Қайсаевна Айташева

Бөлімшені жоғары категориялы, тәжірибелі дәрігер Айгуль Қайсаевна Айташева басқарады. Онымен бірге жоғары, бірінші, екінші категориялы 16 лаборант жұмыс жасайды.

Атырау облыстық ауруханасының клиникалық диагностикалық зертханасы, облыстағы ең үлкен зертхана болып саналады. Зертхана тұрғындарға және облыстың емдеу-профилактикалық  мекемелеріне жоғары арнайы маманданған, консультативті- диагнстикалық, ұйымдастыру-методикалық көмектерін беріп, көмектесіп отырады.

Клиникалық-диагностикалық зертхана қазіргі заманның талабына сай жабдықталған, заманауй зертханалық аппараттарымен тұтыну материалдарымен қамтамасыз етілген. Зертхананың негізгі жұмысына стационарлық, шұғыл қызмет және емхананы қамту жұмыстары кіреді. Жылдан жылға зертхана жұмысы күрделі зерттеулерді қамтуда, өйткені адам мүшелерінің жағдайын тереңірек зерттеу арқылы оның патогенездік салаларындағы және клеткаларындағы тіпті субклеткаларындағы ауыруларды тереңірек анықтауға тура келеді.

Клиникалық диагностикалық зертхана заманауй автоматтандырылған анализаторлармен қамтылған.

Бірыңғай мультификациональдық пробозагрузчик үлгісі:

  • Бір сәтте 100 үлгіні 20 штативте қорыту сондай ак жедел қажет болатын 35 позицияны қатарынан анықтау;
  • Әмбебап штативтерді әртүрлі типтегі пробирка үшін, сондай ақ үлгі және калибратор мен бақылау үшін де пайдаланады;
  • Үлгі үшін және рефлекстік тестен өткізу үшін де пайдаланады;
  • Автоматты ажырату, рефлекстік тестен өткізу және оны қайталау;
  • Тестен бұрын жедел ажыратудың артықшылығы;

Клиникалық-диагностикалық зертхананың мамандары өздерінің кәсіби мамандықтарын арттырумен тұрақты айналысып отырады, дәрігерлер де лабаранттар да арнайы даярлықтан өткендер.