Бөлімше меңгерушісі Иманғалиев Ербол Зейноллаұлы.
Жүйке жүйесінің жарақатынан басқа, омыртқа жотасының дегенеративтік ауруларының асқынуларын, ми ісіктерін хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері еңгізіліп бастады. Зерттеу әдістері ретінде эхоэнцефалография, рентгенография кең қолданылды. Сонымен қатар, инвазивті әдістер арнайы көрсетілім бойынша өткізілген, оның ішінде – церебралдық ангиография, пневмоэнцефалография, миелография.
2001 жылы облыстық ауруханадан КТ кабинеті ашылды, Siemens TOMOSCAN AV. Сол кезден бастап дүниежүзілік талаптар бойынша шұғыл нейрохирургияның алтын стандарты – компьютерлік томография қолданыла бастады.
2001 жылы нейрохирургия бөлімшесі 30 төсек көлемінде облыстық аурухананың құрамына ауыстырылды.
2007 жылы заманауи операциялық микроскоп қолданыла бастады (Carl Zeiss OPMI Vario).
2011 жылы КТ аппарат жаңа түріне ауыстырылды, Brightspeed 16x (General Electric фирмасы, АҚШ). Cол жылы 1,5 Теслалық Brivo МРТ аппараты (General Electric фирмасы, АҚШ) іске қосылды.
2011 жылдан бастап омыртқа жотасының хирургиясы бойынша жоғары технологияларды еңгізу бағдарламасына сәйкес жаңалықтар еңгізіліп, заманауи импланттар мен құрылғылар қолданыла бастады. Ми ісіктеріне күрделі операциялармен қатар жұлынның ісіктеріне операциялар өткізіле бастады.
2012 жылы BBraun (Алмания) фирмасының Aesculap краниотомы алынды.
2012 жылдан бастап геморрагиялық инсульттар кезінде операция өткізіле бастады.
2016 жылдан бастап ангиография құрылғысы іске қосылды, эндоваскулярлық операцияларды өткізуге мүмкіндік ашылды.
Қазіргі кезде нейрохирургия бөлімшесінде 4 дәрігер жұмыс атқарады: Имангалиев Ербол Зейноллаұлы, Джумашев Мақсот Кинетұлы, Ербулеков Еркін Идрисұлы. Бөлімше құрамында аға мейірбике Қуанышқалиева Айжан Қуанышқызы, 10 мейірбике, 10 кішібике.
Бөлімше 22 кереуеттен құралған, құрамында 19 төсек нейрохирургиялық бейін, 2төсек жақ- бет хирургия, 1 қалпына келтіру бейіні бар.
Қазіргі кезде Атырау облысының нейрохирургия қызметі болашаққа жаңа талаптар қоя отырып, даму жолын жалғастырмақ.