Қызметкерлерге арналған ақпарат

Телемедициналық зерттеу жүргізу және кеңес беру

Телемедициналық кеңес беру – бұл дәрігер-маманнан әдеттегі медициналық кеңес алудың бір түрі, тек мұнда дәрігер мен пациент географиялық шамаға бөлінеді. Кеңес берудің мұндай түрі компьютер мен бейнеаппаратураны пайдалана отырып, байланыстың электронды каналдарымен пациенттің денсаулығы туралы мәліметтер беру арқылы жүзеге асырылады.

Телекеңес беру түрлері:

– Жоғары жылдамдықты байланыс каналдарын пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде кеңес беру (күрделі патологияны, операцияны бақылау үшін);

– Төмен жылдамдықтағы байланыс каналдарын пайдалана отырып, on-line режимде кеңес беру (әлдеқайда күрделі жағдайларға, шалғайдағы диспансеризацияға, лекциялар, консилиум немесе конференцияларға қатысты кеңес беру үшін);

– Науқастың болуы міндетті емес, тек электронды почта немесе факс хабарламалары арқылы файлдармен алмасу жеткілікті болатын, off-line режиміндегі шұғыл кеңес берулер (диагностика нәтижелерін алдын ала талдау, лекция материалдарын бері және т.б. П- ең қарапайым және арзан қызмет түрлері)

Телекеңес беру мақсаты:

– диагноз қою

– одан әрі емдеу тактикасын дайындау

– медициналық шаралар өткізу мақсатын анықтау

– денсаулығын бақылау

– көзбе көз кеңес беру, зерттеу, денсаулық сақтаудың кеңес беру мекемесінде емдеу үшін мәліметтерді нақтылау.

Телекеңес беруге қатысты мәліметтер болып – күрделі клиникалық жағдайлар саналады, ол кезде диагноз, емдеу әдістемесі бойынша, хирургиялық операцияларға қатысты мәліметтерді нақтылау, науқастың медицина орталығына жіберілу мақсатын кеңесуді білдіреді. Бұған орталықтарда олардың денсаулығын бақылау, емінің түріне өзгертулер енгізу мақсатында, бұған дейін белгілі бір ем алған науқастарға берілетін кеңестер жатқызылады. Аудандар үшін телекеңес беру мәліметтеріне санитарлық авиация қызметіне өтінішпен келген мәліметтерді жатқызуға болады: ауданда қажетті арнайы профильдің болмауы, шұғыл жағдай, тасымалдауға келмейтін науқас, интерпретациялау үшін күрделі зерттеу және т.б.)

Телемедициналық кеңес беруден өткізу сатылары:

  1. Телеконсультация өткізу үшін мәліметтерді бағалау және оны өткізу үшін қажетті медициналық ақпарат құрамын анықтау.
  2. Медициналық құжаттардан алып мәтін көшіресін жасау, сондай-ақ бұрын жүргізілген зерттеулер, манипуляуиялар, процедуралар, операциялар туралы және пациент дансаулығының күйі туралы қолда бар өзге де материалдар, пациентпен ұсынылған деректердің электронды көшірмесі негізінде графикалық, фото-, бейне материалдарды дайындау;
  3. Пациенттің денсаулығы туралы мәліметтерді электронды почтаны, Интернет желісінің ақпараттық ресурстарын, бейнеконференция құралдарын пайдалана отырып, электронды байланыс каналдары арқылы шалғайдағы медицина орталығына жіберу.
  4. Облыс немесе республика орталығында орналасқан телемедицина орталығының ақпарат алуы, денсаулық сақтау мекемесін, оқу немесе ғылыми медициналық орталықты және нақты маманды таңдау сырқат профиліне байланысты жүзеге асырылады.
  5. Кеңес алу қажет болатын материалдарды дәрігер-кеңес берушіге жіберу.
  6. Дәрігер-кеңес берушінің алған материалдармен танысуы, берілген кеңес бойынша медициналық қорытынды дайындау, қорытындыны пациентке беру. Жүргізілген телемедициналық кеңес беру қорытындысы бойынша дәрігер қорытындысына жатқызылуы мүмкін:

– клиникалық диагноз,

– емдеу бойынша ұсыныстар (профилактика)

– қосымша тексеру бойынша ұсыныстар,

– одан әрі тексерілу барысында нақтылануы тиіс, болжамды диагноз,

– көзбе көз кеңес алуға, тексерілу, емделу, операцияға шақырту.