Эндогематология бөлімшесі

Бермағанбетова Айша Амангелдіқызы

Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты  эндокринолог дәрігер Бермағанбетова Айша Амангелдіқызы.

Қазіргі кезде аурухананың  эндогематология бөлімшесінде хаттамалармен жедел және созылмалы гемобластоздарды, лимфомаларды, миелома ауруын анықтау және емдеу, күрделі  анемияларды, қан ұю жүйесінің ауруларын  анықтау және емдеу жүргізіледі. Гемофилия  ауруында VII, VIII фактор препараттарын пайдаланамыз. Жедел және созылмалы лейкозды емдеуде жаңа цитостатикалық препараттармен, тирозинкиназаның I-II буынды таргетті препараттарымен, қан ұю факторлары препараттарымен жұмыс жасалады.

Бөлімшеде сүйек миын цитологиялық, цитохимиялық зерттеу жүзеге асырылады.
Облыстық кеңес беру орталығында гематолог дәрігер қабылдауы жүргізіледі.
Облыстық аурухана жанында гематологиялық науқастарды бақылау мен амбулаторлы емдеу іске асырылады.
Сүйек миы ауыстырылған науқастарды стационарлы және амбулаторлы бақылап, иммуносупрессивті емді коррекциялау жүргізіледі.

Ахметова Лариса Асқаровна

Бөлімшеде жоғары санатты гематолог дәрігер Ахметова Лариса Асқаровна еңбек етеді.