Тарихы

240 төсекке арналған облыстық аурухана 1967 жылы  салынып  пайдалануға берілді, Оның құрамында күніне 120 адамды қабылдайтын емхана енді. Ауруханада балалар бөлімшесі және жалпы хирургия, терапиялық, онкологиялық, қан құю бөлімшелері болды. Эндокринология, гемотология және неврология салалары терапиялық бөлімшенің құрамына кірді. Мұнан басқа 20 төсектік 4 бөлімше партактив үшін ашылды.

1973 жылы наурыз айында өз бетінше емдейтін емдеу-профилактикалық мекемелері ашылды: олар анкологиялық диспансер және қан құю станцасы. Осыған орай облыстық ауруханада онкологиялық және қан құю бөлімшелері жабылды.

1974 жылы облыстық балалар ауруханасы ашылды, сөйтіп мұндағы балаларды емдеу бөлімшесі де жабылды.

Уақыт талабына сай облыстық аурухана төсек санын арттырып, 510 төсектік болып ұлғайтылды. Жаңадан реанимация анестезиологиясы, көз емдейтін, отоларингология, невралогия, эндокринология, гемотология және урология бөлімшелері ашылды.

Облыстық аурухана ашылғанда алғашқы Бас дәрігері болып Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Абдрахман Тоқсанбаевич Тоқсанбаев еңбек етті. Бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Галина Леонтьевна Асланова болды. Бас дәрігердің емхана жөніндегі орынбасары  болып жоғары категориялы терапевт дәрігер, Ленин орденінің иегері Гүльжан Жұмабаевна Сейтқалиева жұмыс жасады. Ал Бас дәрігердің ұйымдастыру-методикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып, денсаулық сактау ісінің үздігі, бірінші категориялы ұйымдастырушы Төлеген Сагындыкович Сағындыков жасады.

1971 жылы Бас дәрігер болып, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақ ССР- на Еңбегі сіңген дәрігер,  жоғары категориялы социал-гигиенист дәрігер Ғарифолла Шангереевич Шангереев көп жылдар жемісті еңбек етті.

1973 жылы Бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары болып Жігер Ментаевич Карин ал ұйымдастыру методикалық жұмыс жөніндегі орынбасары болып Шамиль Абилович Мукашев жұмыс жасады.

1986 жылдан 2000 жылға дейін аурухананың Бас дәрігері болып Шамиль Абилович Мукашев жұмыс жасады. Бас дәрігердің ембеу жөніндегі орынбасары болып Басаролла Харасович Харасов пен Сайын Сәлимгереевич Қуанышев жасады. Емхана жөніндегі орынбасары  болып Мархаба Аубекеровна Гизатова, Батырбек Ниеткалиевич Жалпаков, Акжума Аккалиевна Жамбирова жасады. Бас дәрігердің ұйымдастыру методикалық жұмысы жөніндегі орынбасары болып денсаулық сақтау ісінің үздігі, бірінші категориялы ұйымдастырушы Төлеген Сагындыкович Сагындыков жасады.

1998 жылы « БОНУС фонда» қорының қаржысынан 5,6 миллион АҚШ доллорына, жалпы көлемі 4500 шаршы метр болатын жаңа ғимарат салынып іске қосылды,

Қазахстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы реформалау жұмыстарына сай облыстық аурухана да біренеше рет өзгерістерге ұшырады. Бірнеше жыл бойы 510 төсектік аурухана 335 төсекке төмендетілсе, ал 2000 жылдан 335 төсектік орын 480 төсекке өзгертілді.

2000 жылдан 2006 жылға дейін аурухананың Бас дәрігері болып Мұрат Магзомович Кулбасов жұмыс жасады.

2015 жылдың 27 наурызынан бастап облыстық аурухананың бас дәрігері болып Шомиров Сайын Сиғуатұлы тағайындалды.

Облыстық аурухана өзі жұмыс жасай бастағаннан бері ұйымдастыру методикалық және тәжірибелік көмек көрсету, оқу және кадр дайындау орталығына айналып, (интернатурадан өту, жұмыс орнында қайта дайындықтан өту) арнайы медициналық көмек көрсетумен келеді.

2002 жылдан бері жаңа емдеу корпусы іске қосылып жұмыс жасауда.

Хирургиялық корпустың жаңа ғимаратын пайдалануға бергеннен соң аурухананың материалдық техникалық базасы кеңейді. Ауыруларды қабылдау бөлімшесі, диагностикалық кабинеттері бар /УЗИ/, рентген, эндоскопия,, /ЭКГ/ терапевтер кабинеттері, хирургия, гинекалогия, ем қабылдау, гипс салатын бөлмесі бар ғимаратқа орналасты. Екі төсектік ауыруларды оқшаулау бөлмесі бар. 2003 жылдан бастап науқастарды қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс жасайтын травматологиялық пункт бар.

Өзінің операциялық блогы бар 40 төсектік ірің-проктологиялық хирургия бөлімшесі  қайтадан іске қосылды. 30 төсектік гематология бөлімшесі және 30 төсектік эндокринология бөлімшесі де өзіндік құрылым болып жұмыс жасауда. Қалалық №2 ауруханадан гастроэнтерология бөлімшесі 30 төсектік орынға пульмонологиялық және аллергиялық төсектерімен бірге осында ауыстырылды.

Нефрология бөлімшесі гемодиализбен бірге 10 төсектік жаңа корпусқа келіп орналасты, бұрыннан 12 аппараты бар 2 зал жұмыс жасап тұрғандықтан, мұнда жұмыс жасауға барлық жағдай бар. Соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары бар эндоскопиялық бөлімше қайтадан ашылды, сондай ақ нейро-инсульттық 30 төсектік, 10 төсектік күндізгі стационары бар гепотологиялық орталық ашылып жұмыс істеуде.

Мүмкіндігі 400 төсектік Атырау облыстық клиникалық ауруханасы, күніне 120 адамды жан жақты дәрігерлік көмекпен қамтыйтын емханасы бар, аймақтағы жоғары дәрежедегі медициналық емдеу профилактикалық қызмет көрсетіп келе жатқан Бас мекеме болып саналады.