Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі – квалификациялы бірінші категориялы дәрігер-хирург Шанаев Дәурен Толагайұлы.
Бүгінгі таңда әлемдік интеллектуалды кеңістікте интеграциясыз даму мүлде мүмкін емес, сондықтан біз жаңа идеялар мен әлемдік озық тәжірибені меңгеруге және серіктесе жұмыс жасауға әрқашан дайынбыз. «Амбулаториялық хирургия орталығы» – бұл «стационар – орнын басатын технология», яғни пациент тәулік бойы стационарда қалмай, операицялық емге дейін және кейін бірнеше сағат қана болып кететін, жоғары технологиялық емдеу әдісі. «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖК КМК базасында «Амбулаториялық хирургия орталығын» (АХО) ашу 2015 жылдан бергі прагматикалық процесс болып саналады: облысты қалаландыру, облыс халқының санын көбейту, шағын-инвазивті процедуралар мен операцияларды енгізу. АХО пациенттерді АХО жағдайында емдеу үшін іріктеу мәселесі жөніндегі стационар және басқа да ПСМП звеноларымен тұрақты байланыста әрекет етеді. Орталық ескі корпустың бірінші қабатында орналасқан, кіретін есігі бөлек, тіркеу орны, пациенттердің күтуіне арналған холл, 20 орындық палаталар, таңу бөлмесі, процедура кабинеті мен операция залы бар.
Амбулаториялық хирургия орталығының міндеті консервативті және оперативті стационар-орнын басу емінің оңтайлы әдістемесін дайындау және енгізу болып табылады. Орталықтың штат құрамында салалық профильдегі дәрігер мамандар жұмыс жасайды: гинеколог, оториноларинголог, травматолог, уролог.
Қазіргі уақытта АХО-пен оперативтік араласу жұмыстары орындалады:
Сондай-ақ клиникалық-диагностикалық шаралар, операциядан кейінгі науқастарды күнделікті таңу, дәрі-дәрмекпен консервативті емдеу жұмыстары атқарылады. Тақырыбы: Амбулаториялық хирургия орталығының жағдайында ең төмен-инвазивті операцияларды енгізу. Амбулаториялық хирургия орталығы жағдайында 2015 жылдың сәуір айынан бері лапароскопическая холецистэктомия – 18, лапароскопиялық трансабдоминальнды преперитонеальды аллогерниопластика шап грыжасы кезіндегі – 22, лапароскопиялық интраперитонеальды аллогерниопластика алдыңғы құрсақ қуысындағы грыжа кезіндегі – 8, варикоцелла кезінде ұрық канаттарының тамырын лапароскопиялық байлау III-IV ст – 18, тізе буынының менискі жарақаттанған кездегі артроскопиялық операциялар – 12 секілді шағын инвазивті операциялар орындалып жүр. Барлық пациенттер операциядан кейін сол күні үйлеріне жіберіледі. Одан кейінгі 4-5 күн ішінде науқастар жарасын таңдыруға келіп жүреді. Осындай жұмыстар атқарылғалы операциядан соң болатын асқынулар тіркелген емес.
Амбулаториялық хирургия орталығының басты жетістігі ауруханаға жатқызу процедурасының жеңілдеуі, яғни зерттеудің барынша таңдаулы көлемі ғана бар және госпитализация бюросы арқылы кезек тәртібімен жоспарлы ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмайды. Аурухана ішінен инфекция жұқтыру қаупі де азаяды. Жинақталған тәжірибеден байқалғаны, АХО құру және мүмкіндіктерін іске қосу аса көп материалдық шығынды талап етпейді, алайда стационардан тыс емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндайдағы экономикалық тиімділік пациенттің АХО-ға баруы кезіндегі баға мен стационарда емделуі кезіндегі баға арасындағы айырмашылық, АХО-да тамаққа жұмсалатын шығынның болмауы, сондай-ақ басқа да шығындардағы үлкен айырмашылықты құрайды. Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, қысқа уақыт ішінде біздің тарапымыздан Амбулаториялық хирургия орталығы облыстық клиникалық аурухана базасында ұйымдастырылды және ол стационар-орын басатын бөлімшеге айналды.
Біздің жұмыс тәжірибеміз арқылы дәлелденетіні шағын инвазивті хирургияны дамытуда Амбулаториялық хирургия орталығының өзектілігі және сұранысқа ие болуы және халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының артуы. Бүгінгі уақыттағы денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық мақсаты стационардағы орындар үлесін азайтуға бағытталған. Амбулаториялық хирургия орталығының экономикалық мақсаты толықтай алғанда міндетті медициналық сақтандыруды дамыту мақсатына қол жеткізу барысындағы артықшылықты дәлелдейді.