Вакансиялар

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы
№70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған Атырау облыстық ауруханасы ұйымының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурс өткізілетін күн және орны: 2020 жылғы 04 тамыз  Атырау қаласы,  Владимир көшесі 98 үй, Атырау облыстық аурухана ғимараты 2-қабат, телемедицина кабинетінде өткізіледі. анықтама телефоны (8701 550 85 85)  электронды поштаның адресі:  yurist.oblbolnitsa@mail.ru

Орналасқан орнын, пошталық мек н, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша енжайы сипаттамасы:

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 060009, Атырау қаласы, Владимир көшесі 98 үй,  тел.: (8701 550 85 85) ;

облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін:

медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін бойынша);

“Қоғамдық денсаулық сақтау”/ “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау менеджменті”, “Менеджмент” немесе “Медицина” (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ “Бизнес әкімшілендіру”, “Іскерлік әкімшілендіру”, “Экономика”, “Қаржы және кредит” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

не

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және “Қоғамдық денсаулық сақтау” немесе “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:

Атырау облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету және клиникалық диагностикалық зерттеулер жүргізу.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • он сегіз жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ретте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген өзге де жағдайлар.

 

Білулері қажет:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Сонымен қатар конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік басқару ұйымы бекіткен біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар негізінде кәсіби білімдері анықталады.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

9) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға мына Атырау қаласы, Владимир көшесі 98 үй,  тел.: (8701 550 85 85) ;  yurist.oblbolnitsa@mail.ru

құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылғы 4 тамыз аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

10)Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

11)Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде Атырау облыстық ауруханасы келесі мекен-жай Атырау қаласы, Владимир көшесі 98 үй,  бақылау кеңесі хатшысына, 1-қабат (экономист бөлмесі)  тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны (8701 550 85 85)