Бөлімше меңгерушісі Сагынгалиева А.С. жоғары санатты дәрігер гастроэнтеролог. Жұмыс стажы 15 жыл. 2009 жылы Алматы қаласында «Кардиология және ішкі аурулар» Ғылыми зерттеу институты базасында мамандығы бойынша жетілдіруден өткен.
Бөлімше 39 кереуеттік, соның ішінде профильдік төсек саны гастроэнтерология – 4 кереует, пульмонологияға – 19 кереует, аллергология – 1 кереует және эндокринология – 15 кереует.
Бөлімше дәрігерлері тұрғындарға пульмонологиялық және гастроэнтерологиялық көмектерін көрсетіп отырады, ауруханаға шұғыл түсетін және жоспарлы жатқызылатын науқастардың барлығына да үнемі маманданған емдер жасалады.
Емдік тексерулер жасағанда біз ЭКГ, ЭхоКГ, МРТ, КТ, ФБС, Видеофибраскопия, УЗИ ОБП, бүйрек, зертханалық тексеруден өткізіп және аралас мамандардың кеңесін жасаймыз. Алматы, Астана институттарымен консилиумдер өткіземіз.
- Пневмания ( өкпе қабынуы);
- ХОБЛ;
- Бауыр циррозы;
- Уланған гепотиттер;
- Асқазан ойық жарасы және ұлтабар ойық жарасы.
1998 жылы денсаулық сақтау саласындағы қайта ұйымдастыру және төсек қорын үйлестіруге байланысты эндокринология бөлімшесі жабылды. 2000 жылы республикалық «Диабет» бағдарламасына сай эндокринология 50 төсектік бөлімше болып қайта ашылды.(30 эндокринология және 20 гематология )
2001 жылы эндокринология бөлімшесінде республикалық «Диабет» бағдарламасына сай ДИАЦ –Диабеттік Ақпараттық Аналитикалық Орталық жұмыс жасады.
Эндокринология бөлімшесінің базасында 2001 жылдың қаңтарнан бастап ДААО жұмыс жасайды. Ол осы эндокринология бөлімшесінің функциональдық бөлімі болып саналады. Орталықтың негізгі қызметі қант диабетінің бекітілген аймақтағы нақты дерегін жинақтап оның өсуі мен даму жиынтығын жасау және ұлттық көрсеткішін тұрақты сараптап отыру. Облыста алдымен эндокринологиялық қызметті ұйымдастырушы ретінде облыстық аурухананың өзі ұйымдастырғанын басты назарда алып, оның жаңа атауымен ИС НРСД деп облыстық ауруханада орналастырды.
2015 жылдың шілде айынан бастап «Қант Диабетінің Ұлттық регистрі» (ИС НРСД) Порталдық жүйеге көшірілді.
ДААО «Қант Диабеті» Ұлттық регистрі Атырау облысы бойынша Ақпараттық жүйеде тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз етіп келеді. ИС НРСД барлық қалалық және аудандық емханалардағы эндокринологтара қолдау көрсетіп, ИС НРСД ға есеп берудің электрондық жүйесіне көмектесіп, ИС НРСД қадагалап және талдау жасап отырады.
Дәрігерлер уақтылы дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институттарында оқып тұрады. Орта медициналық қызметкерлер тұрақты әрекеттегі орта медициналық қызметкерлердің медколледж жынындағы курстарында оқыйды.
Джунусова А.А. емдеуші дәрігер, 2016 жылы С.Д. Асфендияров атындағы КазНМУ бітірген.
Бермагамбетова Айша Амангельдиевна – жоғары санатты эндокринолог дәрігер. Еңбек өтілі -22 жыл.
2016 жылдың қараша айынан бастап бөлімшеде жас эндокринолог Рахматуллаева И.К. жұмыс жасайды.