Стационар меңгерушісі Атырау облысы бойынша штаттан тыс аллерголог дәрігер Сембиева Гаухар Бердібекқызы.
Күндізгі бөлімше. Дневной стационар
Атырау облыстық ауруханасының күндізгі стационарында неврологиялық патологиясы бар (бел, мойын омыртқасының остеохондрозы, жарығы) пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетіліп және сонымен қатар физиотерапия ем- шараларын алуына болады.
Күндізгі стационар жағдайында аллергологиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық, және гастроэнтерологиялық , ревматологиялық бейіндегі пациенттерді емдеу дәрігердің бақылауымен пациентке адекватты терапияны тағайындауға, оның таңдалған дәрі – дәрмектерге бейімділігін әзірлеу жүргізіледі.
Сонымен қатар амбулаториялық хирургия орталығы оның ішінде осы нозологиялар бойынша ( жұмсақ тіндердің тері аурулары ( абсцесс , карбункул) , шап, кіндік жарықтары, атерома, липома , варикоцеле, бет- жақ қатерсіз ісіктері, консолидацияланған сынықтар, синусит, аяқ көктамырларының кеңеюі, т.б хирургиялық кішігірім операциялар ) жасалады.
Күндізгі стационарда емделу тегін жүргізіледі. Емделуге жатқызу үшін тұрғылықты жерінің емханасынан жолдамамен және пациенттің өз бетінше күндізгі стационарға қаралған жағдайда жүзеге асырылады.