ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАП, БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ.

Атырау облыстық ауруханасы осы принципті ұстанады. Жуырда емдеу мекемесінің мейірбикелері мен кіші буын қызметкерлері үшін дәріс ұйымдастырылды.

Дәріс барысында обаға қарсы күрес станциясының мамандары обаға және тырысқаққа күдікті науқастар анықталған жағдайда індетке қарсы ережелерді сақтау және алдын алу шаралары туралы толық мағлұмат берді.