Социалдық желіде Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне коронавируспен науқас тіркелді деген ақпарат түскен. Бұл жалған ақпарат, шындыққа жатпайды, корановирустың белгілерімен ешкім тіркелген жоқ. Қазіргі Қытайда болып жатқан «коронавирус» төңірегіндегі ақпаратты пайдаланып, Атырау қаласының халқын дүрліктіру, адамдарға жалған ақпарат тарату. Осы жалған ақпарат таратқан адамды тауып, құқық қорғау органдарына ресми арыз түсіріп, қылмыстық кодекспен жауапқа тарту қажет.