Атырау Обылыстық ауруханасының Гипотологиялық орталығында білікті мамандар шеберлік сыныбын өткізді

Атырау облыстық ауруханасында
Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы мен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мамандары шеберлік сыныбын өткізуде. Және гепатолог, гепатобилиарлық хирург, трансплантолог мамандар пациенттерді қабылдауда.

Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының гепаталогы, аға ғылыми қызметкері, профессор Бибігүл Сапарбекқызының айтуынша мамандар екі күн ішінде 50 – ден пациент қарап үлгерген.

Гепатит жұқпалары бүкіл әлемде таралған. Әсіресе дельта агентті В гепатитіне шалдыққан науқастарды зерттеп-емдеу үлкен кәсіби біліктілікті талап етеді. Осы орайда Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері бұл жұмысты жоғары деңгейге қойған деп нық айта аламын- дейді Бибігүл Сапарбекқызы.