Гинекология күрделі оталар

«Атырау  облыстық ауруханасының гинекология бөлімшесінде бөлім меңгерушісі, білікті дәрігер Жанаргүл Бекенованың басшылығымен әйелдердің репродуктивті жүйесінің әртүрлі патологиясына, жүкті, босанудан кейінгі барлық жедел және жоспарлы оталар жүргізіледі.Санавиациямен жеткізілген ауыр халдегі әйелдерге, оның ішінде  жүкті, босанған әйелдерге интинстивті медициналық көмек көрсетеді. Атап айтқанда отадан кейін жедел бүйрек жеткіліксіздігімен, сепсис, трансфузия асқынуларымен,  эндометрит, гидатиформды мольге шалдыққан науқастарға ем жүргізіледі.Бөлімшеде күні бүгінге дейін лапароскопиялық миомэктомия,  атоникалық қан кету кезінде гемостатикалық тігістерді салу секілді күрделі оталар жасалып келеді.