Алғыс білдіреміз

ШЖҚ КМК « Атырау облыстық ауруханасы»   ЖШС «Групп КЗ» компаниясына алғыс білдіреді.

40 төсек орыннан тұратын  « Атырау облыстық ауруханасының » 3 қабатында орналасқан  Хирургия №1 бөлімшесіне ЖШС «Групп КЗ»  компаниясы  спонсорлық көмек көрсетті.

ЖШС « Групп Кз »  менеджері Иван Софенко мырза Хирургия бөлімшесіне керекті жабдықтармен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда бөлімшеге Кондиционер, Кресло-коляска ,  манипуляцияға арналған үстел, науқастарды тасымалдауға арналған арба,медициналық киімдер сынды жабдықтармен көмек көрсетті. ЖШС « Групп КЗ » компаниясына алғыс білдіре отырып  жұмыстарыңызға сәттілік, толағай табыстар тілейміз.