Атырау облыстық ауруханасы жаңа “ Фиброскан” аппаратымен толықты.

“Теңізшевройл ” компаниясы Атырау облыстық ауруханасының гепотологиялық орталығына жаңа FibroScan аппаратын сыйға тартты!
Бұл аппарат бауырдың зақымдану деңгейін дұрыс бағалауға және ауруды болжауға, бауырдың созылмалы диффуздық ауруларының динамикасын, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуын бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса бауырдағы онкологиялық ошақты анықтауда маңызы зор. 2022жылдың 19 тамызынан бастап ауруханамыздың Кеңес беру диагностикалық орталығында “ Дамумед” ақпараттық жүйесі бойынша АПП жолдамасымен “Фиброскан” аппаратына балаларды түсіретіндігін айта кетейік. Аппаратқа тусу уақыты кунде 12:00-14:30 аралығында,тек бейсінбі күні сағ: 14:00-15:30 болып табылады. Орналасқан орны:Гепатологиялық орталық 2 ғимарат,3 қабат.
Қабылдайтын дәрігер Нурушева А.К.