ШЕТ ЕЛДЕН КЕЛГЕН ДӘРІГЕР МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ.

“Проспект Медикал Каспиан” клиникасы 10 жылдан астам уақыт бойы Атырау облыстық ауруханасын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп келеді.Бүгінде Ұлыбритания, Норвегия елдерінен келген және сол жақта арнайы білім алған анестезиолог және хирург дәрігерлер ауруханада науқастарға күтім көрсетудің озық стандарттарын енгізуге көмек көрсетуде.

Мамандар арнайы шеберлік сыныптарын өткізіп, жансақтау бөлімшелері мен ота залдарындағы ауыр науқастарды емдеуге қатысады.

Облыстық аурухананың анестезиолог реаниматолог дәрігері Райбек Мутиев пен Проспект Медикал Каспиан клиникасының анестезиолог-консультант дәрігері Данчо екінші рет анестезияның басында сәтсіз интубация болған жағдайда трахеяға жетудің хирургиялық жолы бойынша тренинг ұйымдастырды.

Команда жаттығуға биологиялық трахея моделін қолданды. Бұл жаттығуды барынша шындыққа жақындатты. Барлық қатысушылар мойынның алдыңғы бөлігіне кіру (доступ к передней части шеи) тренингіне қатысқандығы жөнінде сертификатына ие болды.