24.08.2019 жылы сағат 10:00-ден 13:00 аралығында, балалар аллергологы, облыстық балалар ауруханасының пульмонологы, тері диспансерінің дерматологы, АОБ-2 инфекциянисті, АОБ-ның ересек пульмонолог мамандарының қатысуымен қала және аудан тұрғындары үшін Атырау облыстық ауруханасының клинико-диагностикалық орталығында ашық есік күні өтті. Барлығы 147 адам қаралды, оның ішінде 107 балалар мен жасөспірімдер. Оның ішінде ауданнан 46 бала. Консультативтік қабылдау, мұқтаж адамдармен кездесулер өткізіліп, аллергияның алдын алу бойынша кеңестер берілді. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Аймурзиева М.К. облыстық аурухананың КДО меңгерушісі М.Ж. Ербусиновпен МӘМС, КДУ көрсету тәртібі, емханаларға тіркелу тәртібі, аллергияның алдын алу тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Атырау облысының Денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін қолданылатын шаралар мен жаңалықтар айтылды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, осындай акцияларды ұйымдастыру кезінде ескеру үшін олардың ескертулері мен ұсыныстары тыңдалды. АОБ әкімшілігі осы акцияға қатысқан барлық дәрігерлерге , медбикелерге және санитарларға алғысын білдірді.